Сингапурде Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне дайындық қызу жүріп жатыр
Сингапурде Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуіне дайындық қызу жүріп жатыр
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Вашингтонға арнайы сапармен келген Солтүстік Корея Орталық комитетінің төрағасының орынбасары Ким Ён Чхолмен кездесетін болады. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің ресми өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар маусымның 12-сінде екі мемлекет басшыларының Сингапурде өтетін кездесуіне дайындықты талқылайды. Айта кетейік, бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс те президент Дональ Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуіне дайындықтың жүріп жатқанын хабарлап, АҚШ өкілдері Солтүстік Корея делегациясымен түбектегі қауіпсіз аймақта кездескені туралы жеткізген. Сан-Дерс, сондай-ақ осы аптада Пханмунджом мекенінде қосымша кездесулер өтетінін айтты.