Айдың арғы жағын зерттеу үшін ретранслятор-серік ұшырды
Айдың арғы жағын зерттеу үшін ретранслятор-серік ұшырды
Қытайда «Цюэцяо» ретранслятор-серігі ойдағыдай ұшырылды, ол Айдың арғы жағын зерттеуге арналған. Серік ғарышқа «Чанчжэн-4C» зымыранын шығарып, артынан күн панельдерін және байланыс үшін пайдаланылатын антенналарды ашты. «Цюэцяо» Жерге стационарлық станция мен ай бетінде жүретін қондырғыдан тұратын «Чанъэ-4» зерттеу аппаратынан ақпарат беріп отыратын болады. Бұл автоматтық аппарат 2018 жылдың ішінде Айдың аз зерттелген арғы бетіне жіберілмек. Қытай келесі жылы Айға «Чанъэ-5» аппаратын ұшырады, оның мақсаты – Жерге Айдағы топырақтың үлгілерін жеткізу болмақ.