Honda өзінің алғашқы ұшағын сынады
Honda өзінің алғашқы ұшағын сынады
Жапонияның Honda автоөндірушісі 10 жыл бойы бизнес санаттағы ұшақты жасау үшін еңбек етті. Оның ұшу сынақтары да өтті.
Honda жасаған HondaJet аталатын алғашқы ұшақтың бағасы 4,5 млн. долларды құрайды. Ол 8 адамға есептелген. HondaJet бизнес санаттағы ұшақтың жазғы сынақтары Honda Aircraft компаниясының бөлімшесі орналасқан америкалық Солтүстік Каролина штатында өтті. Ұшу уақыты 84 минутты құрады. Сынақтан кейін компания президенті Митимаса Фудзино «әлемдегі ең жетілдірілген әрі жеңіл ұшақтың» жақында сатылымға шығатынын мәлімдеді. Ол 13 км биіктікте 770 км/сағат жылдамдықпен ұша алады.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.