Басты жаңалық

Американдық ескекті қайықпен жалғыз өзі Атлант мұхитын жүзіп өтті

The final spritzer

Американдық ескекті қайықпен жалғыз өзі Атлант мұхитын жүзіп өтті

Нью-Йорк тұрғыны Виктор Муни ескекті қайықпен жалғыз өзі Атлант мұхитын жүзіп өтті.

4,8 мың шақырымдық бұл жолды Муни 128 күнде еңсерген: ол Африка жағалауының маңындағы Канар аралдарынан 19 ақпанда шыққан, ал, жұма күні Кариб теңізіндегі Синт-Мартен аралдарына жетті. Жүзу кезінде Муни 36 келіге арықтаған. Оның айтуынша, саяхат кезіндегі ең қорқыныштысы, бірде оған акула шабуыл жасап, қайығын тістеген. Дегенмен Муни акуланы қуып, сол бойда шапшаңдатып, қайығының тесігін жамаған.