Жаңалықтар

Айдын шалқар тұнығым

Айдын шалқар тұнығым

Аспанда – ай, жерде – гүлсің, ән маған, Бас иеді бір өзіңе бар ғалам. Бала үшін бар бақытын беретін, Неткен жүрек, мол мейірім, таңғалам! Мөп-мөлдірім, үстем болсын мерейің, Жырымменен шуағымды төгейін. Махаббатың еш өлшеммен өлшенбес, Жердегі хақ Тәңіріме теңейін. Желбіреген бала едім тұлымым, Бүгінде, ана, жайқалған бір гүліңмін. Бала – аққу әр кез көлін аңсайтын, Асыл анам – айдын шалқар тұнығым. Құшағыңыз жылуы мол кең неткен, Әлдилеген жан баласын жөргектен. Аналарға қандай арнау айтсам да аз, Бар әлемді даналықпен тербеткен.

Анелия ӘБДІМӘЛІК, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.

Тараз қаласы.