Басты жаңалық

Еуропада әлемдегі ең үлкен рентген ғарыш телескопы жасалады

The final spritzer

Еуропада әлемдегі ең үлкен рентген ғарыш телескопы жасалады

Еуропа ғарыш агенттігінің (ESA) өкілдері Жер орбитасына Athena (Advanced Telescope for High-Energy Astrophysics) - жаңа ғарыш телескопын шығару жоспарлары туралы жариялады. Аппарат әлем тарихындағы ірі орбиталды рентген обсерваториясы болмақ. Ол осы диапазондағы рентген сәулелерін, аспандағы қара ойықтар мен басқа құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Құны шамамен 1 миллиард еуроны құрайтын Athenа телескопы 2028 жылы ұшырылмақ.