Спорт шолушының күнделігінен...
Спорт шолушының күнделігінен...
Қазір екінің бірінің аузында – дүниежүзі көз тіккен доп додасында орын алған қызықты жайттар. Әсіресе, журналистер қауымы мұндайды ерінбей-жалықпай қағазына түртіп жүретіні белгілі гой. Сондай спорт шолушысының бірі Сәкен Сыбанбай күнделігіне мынадай деректерді тізіпті. Сіз де оқи отырыңыз.
«ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: Футбол статистикасына құмар жан ретінде әр гол үшін қуанатыным рас (Ди Мария осы доданың 151-голын соқты). Әсіресе, биылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі голға қарық қылды. Бірақ плей-офф басталғалы сол қарқын басылып қалғандай. Тіпті есеп ашудың өзі қиындай түсті. Бразилия – Чили (18-минутта есеп ашылды) Колумбия – Уругвай (28-минут) Голландия – Мексика (48-минут) Коста-Рика – Грекия (52-минут) Франция – Нигерия (79-минут) Германия – Алжир (92-минут) Аргентина – Швейцария (118-минут) Енді Бельгия – АҚШ ойынында есеп мүлде ашылмай ма деп қорқып отырмын», -депті журналист. Сәкен Сыбанбайдың қаупі негізсіз емес екен. Бельгия мен АҚШ құрамалары арасындағы кездесуде де матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады. Овертаймда бельгиялықтар сапынан (92-минутта) Де Брюйне америкалықтардың қақпасына алғашқы голды салды. 105-минутта Лукакку осы басымдықты еселей түскен. Алайда, 107-минутта алаңға жаңадан шыққан америкалық Гринн есепті қысқартты. Қалған минуттарда америкалықтар қанша тырысқанмен таблодағы көрсеткішке өзгеріс енгізе алмады. Бельгиялықтар 1/4 финалына шықты.
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».