Спорт және туризм

Жасыл алаңда – Мәдениет қызметкерлері

Жасыл алаңда – Мәдениет қызметкерлері

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында сала қызметкерлері шағын футболдан сынға түсті. «Спорт – денсаулық кепілі» ұранымен өткізілген додаға облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында барлық команда ойыншылары жеңісті жұлып алуға талпынып, дода көрігін қыздыра түсті. Әйткенмен шын мықтыға тұсау жоқ екенін әйгілеген облыстық Халық шығармашылығы орталығының ұжымы жеңімпаз атанып, кубокті иеленді. Олар финалда Тараз қалалық Мәдениет үйінің командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Дода қорытындысында қалалық Мәдениет үйі қызметкерлерінен құралған ұжым екінші орынды иеленсе, үшінші орын облыстық қазақ драма театрының жігіттеріне бұйырды. Үздік үштіктен көрінген командаларға бағалы сыйлықтар табысталды. Өзге ұжымдар Алғыс хаттарға ие болды. Сонымен қатар «үздік шабуылшы», «үздік ойыншы» аталымдары бойынша да үздіктер анықталды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.