Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі табыс етілді
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі табыс етілді
Бүгін Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тапсырды.
Қазақстан Республикасының құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz