Н.Назарбаев: Қазақстан болашақта ЕАЭО-ның инвестициялық орталығына айнала алады
Н.Назарбаев: Қазақстан болашақта ЕАЭО-ның инвестициялық орталығына айнала алады
Қазақстан болашақта ЕАЭО-ның инвестициялық орталығына айнала алады. Бұл туралы бүгін елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан әлемдік бизнеске барынша сенімді аргументтер ұсынып отыр. Оған еліміздің геоэкономикалық тұрғыда тиімді орналасуы, саяси тұрақтылық, экономикалық өсім, инфрақұрылымның дамуы, инвесторларға жеңілдіктер ұсыну сынды жайттар септігін тигізуде.
«Қазақстан болашақта Еуразиялық экономикалық одақтың инвестициялық орталығына толығымен айнала алады. Бұл біздің маңызды міндеттеріміздің бірі», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Елбасы еліміздің қаржы жүйесін сауықтыру қажеттігіне де тоқталып өтті.
«Біз екінші деңгейлі банктердің активіне кірдік, енді одан шығуымыз қажет», - деді Қазақстан Көшбасшысы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz