Қазақстан Азия-Тынық мұхиты мен Парсы шығанағы елдері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады - Н.Назарбаев
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты мен Парсы шығанағы елдері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады - Н.Назарбаев
азақстан Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Парсы шығанағы елдері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады.
Бұл туралы бүгін елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Терминал салудамыз. Тынық мұхитындағы Ляньюньган портынан Қазақстанға қарай, батысқа тауар тасымалдаудамыз. Бұл Қытайдан Антверпенге дейінгі теңіз жолын 35 тәуліктен 2 аптаға қысқартады. Яғни, қазірдің өзінде келісімшарт жасалып, осы желі арқылы 250 мың контейнер өтетін болады. Бұл бізге де жақсы, логистика үшін де жақсы. 2020 жылға қарай осы терминалдың қуаты 2 есеге артатындығы болжануда. Соның арқасында біздің еліміз Орталық Азиядағы Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Парсы шығанағы елдері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады», - деді Елбасы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz