Германия мен Алжир матчы Twitter-де 6,9 млн жазба жинады
Германия мен Алжир матчы Twitter-де 6,9 млн жазба жинады
Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Германия мен Алжир арасында өткен матч кезінде жанкүйерлер Twitter-де 6,9 млн жазба қалдырды, деп хабарлайды әлеуметтің жүйенің баспасөз қызметі. Дүйсенбі күні өткен ойынның қосымша уақытында немістер алжирліктерді 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ең бір есте қалар сәт - Жабудың (127 мыңнан астам) және Өзілдің (119 мыңнан астам) соққан голдары. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz