Спорт және туризм

Германия-Алжир: Шюррле мен Өзiлдiң «алтын голдары» немiстерге жеңiс әкелдi

Германия-Алжир: Шюррле мен Өзiлдiң «алтын голдары» немiстерге жеңiс әкелдi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Германия мен Алжир құрама командалары кездестi.

Бұл матчта 2:1 есебiмен немiстер жеңiске жеттi. Дегенмен айта кету керек, осы жеңiс германиялықтарға аса ауыр түстi. Қарқынды шабуылдарға толы болған ойында гол негiзгi уақыт аяқталғанша соғылмай келдi. Командалардың өзара тартысы овертаймға ойысты. Онда Андре Шюррле 92-минутта "алтын гол" салып, "немiс мәшинесiн" алға шығарса, 119-минутта соғылған Месут Өзiлдiң тағы бiр голы Германияны ширек финалға шығарды. 120-минутта соғылған Джабудың жауап голы алжирлiктерге аздық еттi. Ендi 4 шiлдеде 1/4 финал ойындары аясында германиялықтар Франция құрамасымен күш сынасады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz