Экономика

Маусым айында еліміздегі инфляция 0,3 пайызды құрады

Маусым айында еліміздегі инфляция 0,3 пайызды құрады

2014 жылғы маусымда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады. Бұл ретте баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,3 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,2 пайызға өскен.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі картопқа 16,8 пайыз, ұнға - 2,6 пайыз, күрішке - 2,1 пайыз, минералды суға - 1,6 пайыз, құмшекерге, шайға - 0,9 пайыз құраған. Бұдан бөлек, нан мен кондитер өнімдерінің бағасы 0,8 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне, өсімдік майына - 0,7 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне, макарон өнімдеріне - 0,6 пайыздан, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,9 пайызға қымбаттаған. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі жаңадан жиналған көкөністерге 7,8 пайызды, шикі сүтке - 2,8 пайыз, жұмыртқаға - 2,5 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 1,1 пайызға тіркелді. Бұдан бөлек, фармацевтикалық өнімдер, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдар 0,6 пайызға, жеке пайдалануға арналған тауарлар, кітаптар, газеттер және журналдар - 0,5 пайыз, киім және аяқ киім, жуғыш және тазалағыш құралдар - 0,4 пайыздан, шыны және қым бұйымдары - 0,3 пайызға қымбаттаған.

Ал жолаушылардың теміржол көлігі жолақысының бағалары 3,3 пайыз, әуе көлігі бағасы 2 пайыз, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтері - 1,3 пайыз, санаторийлер - 1 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 0,8 пайызға, денсаулық сақтау, қонақ үйлер қызметтері - 0,5 пайыздан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері - 0,3 пайызға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға, кәрізге, тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,6 пайыздан өссе, ал ыстық суға - 1,7 пайызға төмендеген.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz