- Advertisement -

Маусым айында еліміздегі инфляция 0,3 пайызды құрады

67

- Advertisement -

2014 жылғы маусымда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады. Бұл ретте баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4 пайыз, азық-түлік емес тауарларына — 0,3 пайыз, ақылы қызметтерге — 0,2 пайызға өскен.

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі картопқа 16,8 пайыз, ұнға — 2,6 пайыз, күрішке — 2,1 пайыз, минералды суға — 1,6 пайыз, құмшекерге, шайға — 0,9 пайыз құраған. Бұдан бөлек, нан мен кондитер өнімдерінің бағасы 0,8 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне, өсімдік майына — 0,7 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне, макарон өнімдеріне — 0,6 пайыздан, қышқыл сүт өнімдеріне — 0,9 пайызға қымбаттаған. Сонымен бір мезгілде, бағаның төмендеуі жаңадан жиналған көкөністерге 7,8 пайызды, шикі сүтке — 2,8 пайыз, жұмыртқаға — 2,5 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге — 1,1 пайызға тіркелді.

Бұдан бөлек, фармацевтикалық өнімдер, жолға қажетті тауарлар мен заттарды тасымалдайтын басқа да бұйымдар 0,6 пайызға, жеке пайдалануға арналған тауарлар, кітаптар, газеттер және журналдар — 0,5 пайыз, киім және аяқ киім, жуғыш және тазалағыш құралдар — 0,4 пайыздан, шыны және қым бұйымдары — 0,3 пайызға қымбаттаған.

Ал жолаушылардың теміржол көлігі жолақысының бағалары 3,3 пайыз, әуе көлігі бағасы 2 пайыз, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтері — 1,3 пайыз, санаторийлер — 1 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер — 0,8 пайызға, денсаулық сақтау, қонақ үйлер қызметтері — 0,5 пайыздан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері — 0,3 пайызға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға, кәрізге, тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,6 пайыздан өссе, ал ыстық суға — 1,7 пайызға төмендеген.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support