Спорт және туризм

Қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді

Қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді

Қазақстандық паралимпиадашылар Польшада өткен халықаралық турнирде 9 алтын медаль иеленді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Дархан Калетаев мәлім етті.

Д.Калетаевтың айтуынша, 27-29 маусым күндері Польшада паралимпиадашы спортшылар арасында халықаралық турнир өтті. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің түпкір-түпкірінен келген 22  команданың 170 спортшысы қатысты.

«Біздің  спортшыларымыздың 9-ы бірінші орынды иеленді. Ал 11-і күміс, 10-ы қола медаль еншіледі. Бұл - паралампидалық құраманың, комитеттің зор жетістігі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл соңғы жылдардағы Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің жүргізіп отырған жұмыстарының, мемлекет тарапынан бөлініп отырған зор қамқорлықтың нәтижесі деуге болады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz