Елбасына елдегі ҮИИДБ жүзеге асырылуы жөнінде есеп беріледі
Елбасына елдегі ҮИИДБ жүзеге асырылуы жөнінде есеп беріледі
2 шілдеде Үкімет Мемлекет басшысына елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебін баяндайды, деп хабарланды Ақорданың сайтында.
Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді және Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатына қатысады.
3 шілдеде Президенттің «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарының құрылыс аумағына баруы жоспарланған.
4 шілдеде Елбасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру салтанатына қатысады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz