Басты жаңалық

Швецияда ұшақтар биоотынмен ұшатын болады

The final spritzer

Швецияда ұшақтар биоотынмен ұшатын болады

Швецияның Карлстад қаласында ашылған жанар-жағармай стансасында тұрақты рейстерде жұмыс істейтін ұшақтарға биоотын құйылатын болады, деп хабарлайды Naked Science.

2015 жылдан Карлстадқа рейс жасайтын әуе лайнерлеріне құйылатын отын Вэрмландтың қағаз және орман өнеркәсібі қалдықтарын қайта өңдеу нәтижесінде алынбақ. Биоотынмен ұшатын алғашқы коммерциялық трансатлантикалық рейс өткен жылдың наурызында жасалған болатын. Еуропа комиссиясының шешімі бойынша 2020 жылға қарай көліктердің 10%-ы баламалы энергия көздерін пайдаланбақ.