Германия гуманитарлық көмекке 2 млн еуро жұмсамақ
Германия гуманитарлық көмекке 2 млн еуро жұмсамақ
Германия Ирак босқындары мен «Ирак және Левант ислам мемлекеті» (ИЛИМ) террорлық тобынан зардап шеккен тұлғаларға гуманитарлық көмек көрсетуге 2 млн еуро бөледі. Бұл туралы бүгін ГФР сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер хабарлады.
Маусымның басында ИЛИМ содырлары «Әл-Каида» ұйымымен «ауыз жаласқаннан» кейін Ирактағы жағдай күрт ушығып кетті. Олар елдің солтүстігіне шабуылдап, бірқатар елдімекенді басып алды. БҰҰ-ның мәліметінше, 1,2 млн-ға тарта бейбіт тұрғын қоныс аударуға мәжбүр болған. «Сондықтан да СІМ Қызыл Крест халықаралық ұйымына 2 млн еуро аудармақ. Бұл қаржы Ирак босқындарына көмек көрсетуге, мысалы, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады», - деп мәлімдеді Штайнмайер.