Әлеумет

Есімов "Самұрық-Қазына" басшылығын жазалады 

Есімов "Самұрық-Қазына" басшылығын жазалады 

Ахметжан Есімов қоржындық компаниялардың жұмысына қатысты кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап. Жиын барысында бірқатар компанияның қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.  Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның Басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қаратау" ЖШС және "Қазатомпром" ҰАК" АҚ Бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айынан бастап "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке "Тау-кен-Самұрық" АҚ-ның ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтың келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады. Ол"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды. Кеңес барысында Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.

Ақпарат көзі:tengrinews.kz