- Advertisement -

«Әулиеата» әуежайының әлеуеті

185

- Advertisement -

Тараз–Мәскеу арасы жақындай түсті

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде «Әулиеата» халықаралық әуежайында «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы халықаралық рейс қайтадан іске қосылды. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын дәл осы әуежайдан S7 Airlines компаниясының «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы алғашқы ұшағы ұшқан болатын. Алайда әртүрлі себептермен ұшу бағыты тоқтатылған болатын.

– S7 Airlines әуекомпаниясы рейсті қайтадан іске қосқандықтан, бұдан былай жолаушылар Мәскеуге дүйсенбі сайын жүйелі түрде ұша алатын болады. Болашақта апталық рейс санын жиілетсек деген ойымыз бар. Бірақ бұл ұсыныс әлі талқылану үстінде, – дейді «Әулиеата» халықаралық әуежайының пиар-менеджері Юлия Егорова.
Бұл күні аталған әуежайда Мәскеуден келген 160 жолаушы қарсы алынды. Айта кетейік, «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы рейс маусым бойынша жұмыс істейтін болады. Ал әуе билеттерінің бағасы 40 мың теңгеден басталады. Бұдан бөлек, аталған әуежайда болашақта Тараздан Санкт-Петербург, Ақтау, Атырау қалаларына тікелей ұшу бағыттары ашылады деп күтілуде.

Есен Өтеулиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support