Саясат

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (құзыретті орган) және «Central Asia Gold Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жер қойнауын пайдаланушы) арасындағы 2004 жылдың 17 қарашадағы Келісім-шарт негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Когадыр» кен орнында алтынды барлау және өндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қордай ауданы «Жігер» жер қоры аумағындағы М.Умурзаковтың «Мерлан» шаруа қожалығының кадастрлық нөмірі 06-090-035-110, жер көлемі 5,87 гектар жайылымдық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. «Мерлан» шаруа қожалығы М. Умурзаков мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап Қордай ауданы әкімдігіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін. 3. Осы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2014 жылдың 13 қазан болып бекітілсін. 4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін «Мерлан» шаруа қожалығы М. Умурзаковтың жүгінетін орны болып «Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, №102 үй) белгіленсін. 5. Қордай ауданы әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын. 6. Жамбыл облысы әкімдігінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Есқалиевке жүктелсін.

Облыс әкімі К. Көкрекбаев