Жаһан

Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат ел анықталды

Туристер үшін Еуропадағы ең қымбат ел анықталды

Coldiretti компаниясының жүргізген зерттеулеріне сәйкес Жерорта теңізі бағытындағы туристер үшін ең қымбат ел анықталды. Ол Италия болып шықты. Бұл елдегі мейрамханалар мен мейманханалардың бағасы Еуропаның басқа елдеріндегімен салыстырғанда 10%-ға қымбат, деп жазады РИА Новости. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес биылғы жазда туристер үшін ең қолайлы Черногория мемлекеті екен. Мұнда туристік сектордың аса дамығандығына қарамастан, Еуропа елдерімен салыстырғанда демалушылар мейрамханалар мен мейманханалар қызметі үшін 37%-ға дейін аз ақы төлейді. Ал Хорватия туристердің қалтасы үшін бұдан 26%-ға, Португалии - 23%, Түркияда 22% арзанырақ түседі. Айта кетейік, 2013 жылы Еуропа елдерінің ішінде туристер көптеп барған елдер Испания, Грекия, Мальта және Португалия болды. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz