Кек алу үшін адам өлтірген жамбылдық жігіт ұзақ жылға сотталды
Кек алу үшін адам өлтірген жамбылдық жігіт ұзақ жылға сотталды
Өткен күзден бері құпия сақталған қылмыстық істің жай-жапсары бүгін ғана айтылды. Белгілі болғанындай, Қаракемер ауылының тұрғынын жаппай төбелесте құмтиындық Нұрзат Тілеубеков атып өлтірген.
30 жастағы марқұмның денесіне 30 жерден бытыра тиіпті. Қансыраған ол оқиға орнында жан тапсырған.
Бұл төбелеске жалпы саны елуге жуық адам қатысқан. Оқиға орнында бір адам қаза тапса, 9 жігіт жарақат алыпты.
Былтыр күзде болған қанды оқиғаның негізгі нұсқасы да енді айтылуда. Яғни қарудан қаза тапқан жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын қызды ренжітіп алған. Сол үшін ауылдың бір топ жігіті оны өлімші етіп сабап кетіпті. Кейін таяқ жеген азамат 40-қа жуық адамды ертіп кек алуға барған. Сол сәтте қарудан оқ атылады.
Айта кетейік, марқұмның артында жары мен үш перзенті қалды. Балалардың ең кенжесі - жеті айлық. Жәбірленуші тарап сот үкімімен толық келісіп отыр. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмейді. Ал сотталушылардың бұл тұрғыда қандай әрекет жасайтыны әзірге белгісіз.
Дереккөз: baq.kz