Спорт және туризм

Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Мексикадан жеңiлiп жатқан Нидерланды санаулы минуттарда жеңiске жеттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында жолдары түйiскен Мексика мен Нидерланды өзара кiм мықты екенін анықтады. Бұл матчта фаворит деп танылған Нидерланды сенсациялық жағдайда матч бойы мексикалықтарға 0:1 есебiмен жол берiп келе жатқан болатын. Джованни Дос Сантос 48-ші минутта голландиялықтардың қақпасына гол салған-тын. Нидерландықтар оқтын-оқтын шабуылға шығып отырғанымен, Мексика құрамасының қақпашысы Очоа бар қауiптiң бетiн сәттi алып отырды. Дегенмен соңғы минуттарда алдымен Уэсли Снейдер, кейiн пенальтиден Хунтелаар есептi 2:1-ге жеткiздi. Осылайша Нидерланды 1/4 финалға өттi.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz