Спорт және туризм

«Қазақстан Барысы-2014»: Ең қызықты сәттерінен көріністер

«Қазақстан Барысы-2014»: Ең қызықты сәттерінен көріністер

Астанада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің ақтық сайысы өз мәресіне жетті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов сайыс жеңімпазы атанған болатын. Ақтық сайыста ол қарағандылық Асыл Бәрменовтен басым түсті. Ол оған дейін 2012 жылғы «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаевтың жарыстан шығып қалуына мұрындық болған еді. Ал 2013 жылғы «барыс» Айбек Нұғымаров та қызылордалық Руслан Әбдіразақовтан жеңіліп қалды. Жарыс қорытындысы бойынша Р.Әбдіразақов үшінші орынды иеленді. Елордадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өткен сайыс көпшілік көрермен көңілінен шықты. ҚазАқпарат оқырмандарының назарына дүбірлі доданың ең қызықты сәттерінен көріністерді ұсынады. 1 Турнирдегі ең қызықты сәт: Руслан Әбдіразақов «Қазақстан Барысы-2013» Айбек Нұғымаровты сайыстан "шығарып жіберді" 2 «Қазақстан Барысы-2012» Бейбіт Ыстыбаев та Мұхит Тұрсынбаевтан жеңіліп қалды 3 Сөйтіп 2012 жылғы үздік палуан жеңіліске ұшырады 4 Руслан Әбдіразақов күресуге құлшынып тұр 6 Трибуналардағы құлшыныстар да одан кем емес 7 Көпшілік назары - палуандарда 8 Асыл Бәрменовтің айласы null осылай 10 және осылай! 14 Шешуші жекпе-жекте ешкім жеңісті қолдан бермек емес 15 Мұхит Тұрсыновты жеңіске жеткізген тәсіл 16 Көптен күткен жеңіс бұл! 17 Үзілістерде де көрермен көңілінен шығу ойластырылды 18 Жеңімпаз бен жүлдегерлер құрметіне отшашу

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz