NASA "ұшатын тәрелкені" сынақтан өткізді
NASA "ұшатын тәрелкені" сынақтан өткізді
"Ұшатын тәрелкеге" ұқсайтын Low-Density Supersonic Decelerator LDSD аппараты сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы NASA-ның хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РБК. Реактивті двигательмен, үрлемелі баяулатқышпен және парашютпен жабдықталған аппарат Гавайи штатындағы Кауаи аралында орналасқан зымыран полигонынан ұшырылды. Сынақ жер атмосферасында жүргізілді, өйткені, мамандардың айтуынша, оның Қызыл ғаламшардағы жағдаймен ұқсастығы бар. Аппарат ұшырылғаннан кейін гелий толтырылған әуе шарымен бірнеше сағат бойы 36,5 шақырым биіктікке көтерілді. Содан кейін зымыран двигательдері іске қосылды, оның көмегімен аппарат 54,9 шақырым биіктікті тағы бағындырды. "Тәрелке" 3,8 Мах жылдамдықпен қозғалған. Кейін арнайы тежеу механизмі іске қосылып, оның жылдамдығы 2,5 Махқа дейін бәсеңдеді. Алып парашюті іске қосылғаннан кейін аппарат біртіндеп төмендей бастады. Бұған дейін LDSD аппаратын ұшыру мерзімі сөре алаңы ауданындағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылған. "Тәрелке" келешекте ғарыш кемелерінің Марсқа қонуына көмектесетін болады деген жоспар бар Ақпарат көзі: tengrinews.kz