Таразда робототехника көрмесі өтті
Таразда робототехника көрмесі өтті
Тараз қаласында робототехника көрмесі өтті. Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада көрермен назарына жас өнертапқыштардың еңбектері ұсынылды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="66298,66300,66301,66303,66304,66307"]
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» жобасы аясында өткен шара оқушыларға ғылыми техникалық шығармашылықты насихаттау, жастар арасында инженерлік мамандықтардың дәрежесін арттыру, жас өнертапқыштардың робот техникасына қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Көрме барысында дарынды қыз және ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаттары, «Дарын» мектеп-интанаты және үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының 15-тен астам робототехника модельдері қойылды. Көрмеге жиналған жас инженерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, өзге оқушылардың жобаларымен танысты.
Адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіз етуіне бағытталған құлтемірлердің әрқайсысы өзінше қызықты. Әртүрлі амалдарды орындай алатын ондаған темір роботтар мен машиналар көрмеге келушілерді бей-жай қалдырмады.
Бүгінгі күні робототехника – ғылым мен техниканың ең үздік бағыттарының бірі. Ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша 30 пайыз мектепті робототехникамен қамтамасыз ету жоспарланып, осы мақсатта 353 млн. теңге қарастырылып отыр. Алдағы уақытта робот техникасымен жабдықталған мектептерде «Робототехника» үйірмесін ашу көзделуде. Аталған үйірмеде оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамытуға, қоғамға пайдалы іспен шұғылдандыруға, робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйренуге қызығушылығын арттыруға және технологияларға сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға, оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, 3D моделдеу дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік алады.