Білім

Елімізде 1000 ІТ-сынып ашылады

Елімізде 1000 ІТ-сынып ашылады

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін қолға алып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясы Рухани жаңғыру аясындағы жаңа жобалары туралы  өткен баспасөз маслихатында айтылды.

Аталған жоба аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адам білім алмақ. Бұл орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Java, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлемдік ірі жобаларға қатысатын бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасамақ.

Дереккөз: egemen.kz