Мәдениет

Таразда тұңғыш рет Қазақстан-Италия бірлескен көрмесі өтеді

Таразда тұңғыш рет Қазақстан-Италия бірлескен көрмесі өтеді

Тараз қаласында алғашқы рет «Көне Тараз жаңғырығы. Еуразияның мәдени көпірлері» атты халықаралық Қазақстан-Италия көрмесі өтеді. Шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырып отыр. Халықаралық көрмеге италиялық қолөнершілер – шыны әрлеуші Джорджио Спеццамонти, суретші Светлана Коста және тараздық «Асыл-дизайн» сән үйінің бас дизайнері Айдархан Қалиев қатысады. Көрмеде кескіндеме, әйнек, әйнекке сәндеп сурет салу жұмыстары көрсетіледі. Сонымен қатар, Тараздық киім дизайнері, «Нео-фольклор» стилінің негізін қалаушы Айдархан Қалиевтің коллекциялары ұсынылады.

Көне шаһарда бұрын-соңды болмаған өнер иелерінің көрмесі Жамбыл облысының орталық көрме залында 28 сәуір күні сағат 11:00-де басталады.