Мойынқұм
Мойынқұм
Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен кіші футболдан турнир өтті. Аудан әкімдігінің аппараты мен бөлімдері, ауыл әкімшіліктері, аудандық салық басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, спорт мектебі қызметкерлерінен құралған 9 команда арасындағы бәсекеде №19 БЖСМ қызметкерлері 1-орынға ие болды. Жеңімпаздарға Грамоталар мен сыйлықтар таратылып, үздік ойын үлгісін көрсеткен қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Бұл турнир келер жылдары да ұйымдастырылып, дәстүрлі сипат алмақ.