Теңізге үш зымыран ұшырды
Теңізге үш зымыран ұшырды
Корей Халық Демократиялық Республикасы Жапон теңізіне шағын қашықтыққа үш зымыран ұшырды. Наурыздың аяғында КХДР Жапон теңізіне қарай зымыранды екі рет ұшырған. Жапон қорғаныс министрлігі сол кезде екі зымыран да «Нодон» зымыраны (ұшу қашықтығы 1000 шақырымдай) үлгісін көрсете алғанын хабарлаған. КХДР билігі зымыран ұшырылуын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның сол кезде жүргізіп жатқан әскери жаттығуына жауап екенін растаған. Содан кейін Пхеньян жаңа ядролық сынақ жүргізу мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасаған.