Парижде екінші Эйфель мұнарасы «бой көтерді»
Парижде екінші Эйфель мұнарасы «бой көтерді»
Жаңа сәулет туындысына құрылыс материалы ретінде кәдімгі орындық қолданылған. Мұндай тың идеяны жиһаз шығару жөніндегі фирма жүзеге асырды. Осылайша компания әлемге әйгілі мұнараның салынғанына 125 жыл толу мерейтойын атап өтуге өз үлесін қосуда. Пластикалық Эйфель мұнарасын салуға барлығы 324 қызыл орындық шығарылды. Мұндай сан да бекер таңдалмаған. Нағыз Эйфельдің биіктігі 324 метр.