Басты жаңалық

Танымал әншілер Астана көшелерінде концерт береді

Танымал әншілер Астана көшелерінде концерт береді

«Астана Шаттық» шығармашылық керуені қаланың тұрғын үй алаптарында осымен бесінші жыл қатарынан өткізілмек. Автокеруен Астана қаласы тұрғын үй алаптары тұрғындарына арналған көшпелі концерттен тұрады.

Концерттік бағдарламаға түрлі өнер жанрлары мен бағыттары енгізілген. Әсіресе оған отандық эстрада жұлдыздарының қатысуы ерекше әр бермек. Биылғы бағдарлама аясында Алтынай Жорабаева, «MYSTERIONS» тобы, Бауыржан Нұрымбетов, Ақбикеш, «Арнау» би ансамблі, заманауи өңдеудегі домбырашы Жұлдыз Жабелова, сиқыршы Айдархан Сұлтанбеков, академиялық орындаушы Назым Сағынтай, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұрат Нұрғазиев сынды отандық эстрада жұлдыздары мен КВН әртістері өнер көрсетеді. Автокеруен бағдарламасы кішкентай балалар мен ересектер талғамын тұтастай қамтиды.