Саясат

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.

Корея Республикасының Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.

Кездесуде сыртқы істер ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің ыстық ықыласын жеткізді.