Экономика

Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусымда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 1,16 долларға түсіп, 71,42 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бір баррельге 1,17 долларға арзандап, 66,22 доллар болды.

Дереккөз: inform.kz