Қазақстанда дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салынады
Қазақстанда дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салынады
Қазақстанда 2014 жылдың қараша айынан бастап БАҚ-та дәрілік заттар жарнамасына тыйым салынбақ. Енді препараттар жарнамалары тек медициналық мақалалар жариялайтын арнайы журналдарда көрініс табатын болады. Фармацевтикалық компаниялардың көпшілігі жарнаманы өз тауарын сатылымға шығарудың ең тиімді әдісі ретінде қолданатыны жасырын емес. Әсіресе, антибиотиктер жарнамасына жіті назар аударған абзал. Себебі, оларды шамадан тыс қолдану антибиотиктердің ағзаға тигізер пайдасын төмендетуі мүмкін. 2013 жылы Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның әрбір екінші азаматы телеарналардағы және мерзімді басылымдардағы жарнамаға сүйеніп, препараттарды дәрігердің тағайындауынсыз, өз бетінше қабылдайды (42%). Әрине, жарнамаланатын препараттар арасында арнайы ауруларды емдеуге септігін тигізетін дәрілер де баршылық. Алайда, емделушіге олардың қай түрі қажет екендігін тек денсаулық сақтау саласының маманы ғана анықтай алады. Медицина қызметкерлері мен халыққа дәрілік заттар туралы шынайы ақпарат ұсыну үшін 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілігімен Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Қазақстанда 2014 жылдың тек 5 айында ғана 15 мыңға жуық адам тегін Call-қызметінің – 8 800 080 88 87 номеріне қоңырау шалып, сондай-ақ, www.druginfo.kz сайтына сауал жолдау арқылы дәрілік заттарды дұрыс қолдануға байланысты тегін кеңес алды. Құрметті қазақстандықтар, дәрігер тағайындауынсыз дәрі қабылдамаңыздар!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы
ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК