- Advertisement -

Сәулетімен сүйсінтіп, саябаққа сән кірмек

155

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен өңірімізде бірқатар ілкімді істер қолға алынуда. Соның бірегейі – Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағының қайта жаңғыртылуы.

Қазіргі таңда ондағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 370 миллион теңге бөлініп, саябақтың бас қақпасының алдынан өтетін І.Жансүгіров көшесінің асфальт жабыны толықтай жаңартылып үлгерді.
Алдағы уақытта облыстық қазақ драма театрының алдынан орын тепкен Бауыржан Момышұлының тас мүсіні және интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш, Ы.Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан Ауғанстан соғысы, Семей ядролық сынақтар және Чернобыль атом электр стансасында болған апатқа қатысушыларға арналған монументтер қайта жаңартудан өтіп, «Жеңіс» саябағына көшіріледі деп күтілуде.
Бұдан бөлек, мұнда «Даңқ» монументі орнатылып, жамбылдық 48 батыр мен Әулиеатадан Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлердің есімдері жазылған «Батырлар аллеясы» бой көтеретін болады. Саябақтың кіреберіс қақпасы да жаңартылып, мұндағы «Мәңгілік алауға» да мән берілмек.
Жұмысқа жауапты «Жасыл ел – Тараз» мекемесі мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары келесі айдың басына дейін аяқталады. Себебі мұнда мамыр айында Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда.

«Aq jol-Ақпарат»

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support