Әлеумет

Қаламдастар қалжыңы

Қаламдастар қалжыңы

«Өзіміздің жігіт екенсіз ғой...»

Журналист Кеңес Рахметуллаев көп жылдар бойы облыстық газетте жауапты хатшы болды. «Штабтан» кете алмайды, іс-сапарға сирек шығады. Бір күндері Қордай ауданына жолы түседі. Қасында ауданның жауапты қызметкерлері бар, кешке дейін шаруашылықтарды аралайды. Қонақ үйге шаршап жеткен журналистке арнап дастархан жайылады. Жергілікті жігіттер сыры беймәлім қонақтан ыңғайсызданып, үстел астындағы «ақмағанбеттерін» шығара алмай отырады. Ақыры, бір батылдау жігіт: – Кеңке, шаршап келдік, бір елу грамға қалай қарайсыз? – деп қипақтайды. Кеңкең жұлып алғандай: – Жоқ, – депті. Жігіттер сасқалақтап қалады. Сол кезде: – Ішкен соң елуден емес, жүз елуден бірнеше рет тарту керек қой, – дейді қонақ көңілдене. Отырғандар ду ете түседі. Сөйтіп: – О-о-о, Кеңке, өзіміздің жігіт екенсіз ғой, – деп бәрі де жайылып сала берген екен...

Өзбек тақияның сыры

Балалар ақыны, журналист Асқаржан Сәрсеков жаны нәзік, аса сезімтал жігіт еді. Көбіне өзімен-өзі, жеке, бұйығы жүреді. Сол Асқаржан басына өзбек тақиясын киіп алатын. – Ау, Асеке, қазақы тақия таппадың ба? – дедік бір күні. Асекең жауап беруге асықпады. Алдындағы саптыаяқ толы сырадан бір жұтып алып: – Көшеде қашанғы қазақтар «шайқап» жүре берсін. «Өзбектің» де теңселе басқанын көрсін де жұрт, – демесі бар ма.

Дүйсенбек АЙБЕКОВ.

Сурет те сөйлейді, ә!

16