Экономика

Энергия тапшылығы қалай еңсерілді?

Энергия тапшылығы қалай еңсерілді?

Құлан ауылындағы аудандық электр жүйесі мекемесі электр қуатын қабылдап, оны аудан аумағындағы 465 заңды және 12357 жеке тұлғаға жеткізіп береді. Желілер мен құрылғыларды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізіп, тұтынылған энергияның төлемақысын жинайды.

Өңірде жаңа әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындары көптеп салынып, іске қосылуына байланысты электр қуатына қажеттілік артып келеді. Мәселен, аудандағы заңды және жеке тұлғалар осыдан екі жыл бұрын сағатына 8 мегаватт энергия тұтынса, қазір бұл көлем 11 мегаватты құрайды. Кәсіпорында бұл мақсатқа жыл сайын 6-8 миллион теңге бөлінеді. Аудандық электр жүйесінде мамандар 5 бригадаға топтастырылған. Арнайы қуатты техникамен жабдықталған 2 бригада дауылды, қарлы боран кезінде үзілген сым мен құлаған бағаналар туралы хабар алысымен шұғыл қалпына келтіруге аттанады. – Бұрын тұрғындардан тұтынылған энергия үшін төлемақы жинау үлкен мәселенің бірі болатын. Жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде соңғы бес жылда бұл іс дұрыс жолға қойылды. Біз электр қуатының техникалық шығынын жылына 1 пайызға азайтуды жоспарлағанбыз. Өткен жылдың қорытындысында ол 2,2 пайызды құрады. Бұған жаңғыртуды жүйелі жүргізу нәтижесінде қол жеткізілуде. Биыл да осы деңгейден төмендемеуге күш саламыз. Маман тапшылығы мәселесі де жүйелі шешілуде. Кейінгі кезде Құлан ауыл шаруашылық колледжінің электрші мамандығын бітірген түлектерін жұмысқа қабылдаудамыз, – дейді аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы Назигүл Мырзатаева.

Ақылжан МАМЫТ

Т. Рысқұлов ауданы