Әлеумет

Құжаттары рәсімделуде

Құжаттары рәсімделуде

Бүгінде Сарысу ауданынан 60 гектар жерге индустриялық аймақ құру жоспарланған. Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің орындалу барысы қалай? Бұл жайлы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Нүркенов былай дейді:

– Индустриялық аймаққа бөлінген 60 гектар жер телімін заңдастыру, мемлекеттік актісін алу жұмыстары бойынша біздің бөлім және аудандық жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тараптарынан жер комиссиясы отырысының қорытындысы мен жер таңдау актісі жасалынды. Облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Қ.Сағынтаевқа индустриялық аймаққа бөлінген жерге сәйкестендіру құжатын әзірлеу үшін төлемді есептеп беру туралы 2017 жылғы 20 желтоқсанда №1/3- 656 шығыс хатымен сұраныс жасалды. Таңдалған аймақ Жаңатас қаласынан 1,5 шақырым жерде және темір жолдан 0,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жерде бағаналар қойылып, Жаңатас қаласымен электр желісі тартылған. Индустриялық аймақта қазіргі уақытта «Тараз көлік жолы» ЖШС асфальт-бетон зауыты жұмыс атқаруда. Қажетті қаражат көлемі облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті мамандарының шешімі бойынша анықталып, 665 мың теңгені құрап отыр. Индустриялық аймақтың құжаттары аудандық «Жаңатас-Су–Жылу» кәсіпорны арқылы рәсімделуде.

«Aq jol-Ақпарат»