Жамбылда не жаңалық?

Автобуста ауырсаңыз...

Автобуста ауырсаңыз...

Кез-келген бағыттағы қоғамдық жолаушылар тасымалдау автобустарында дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс. Бірақ, осы талап көбінесе орындалып отырған жоқ. Біразында қобдиша болғанымен, ішіндегі дәрі-дәрмектердің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Өмір болған соң, түрлі жағдайлар кездеспей тұрмайды ғой. Көлік ішінде біреудің кенеттен қан қысымы көтерілсе, не болмаса басы айналып, жүрегі айныса немесе өкпесі қысылса, оған қандай алғашқы медициналық жәрдем көрсетіледі? Көлік жүргізуші жедел түрде қан қысымын өлшеп, дәрі бере ала ма? Әй, қайдам? Алдымен бере салатын дәрісі жоқ, қан қысымын өлшей қоятын тонометрі қайдан болсын? Жаны қысылған адамға жәрдем көрсетілмесе, өміріне қауіп төнбей ме? Осы жағын тиісті орындар басшылары ойланды ма екен? Екіншіден, қобдишада қандай дәрілер тұруы керек? Оның қайсысын қай ауруға қолданған жөн? Бұл туралы да дәрігерлік нұсқама көлік ішінде ілулі тұрса, артық болмас еді.

Марат Намазұлы, қала тұрғыны.

Тараз қаласы.