Әлеумет

Жүз метр жерге су жеткізбей кетті

Жүз метр жерге су жеткізбей кетті

Менің жасым тоқсанды еңсеріп қалды. Кеңес өкіметі жылдарында беліміз бүгілгенше аянбай еңбек еттік. Аспара ауылының отымен кіріп, күлімен шықтық. Үкіметке, Назарбаевқа рахмет, «жұмыс істеймін» дегендерге несие беріп, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеріп жатыр. Бір-екі көшемізге жол салынып, ескі клубымыз жөнделді. Жаңа пошта үйі салынғалы зейнетақымызды сол жерден алатын болдық. Ауылымызға бір шақырым және жүз метр жерге құбыр тартылып, ауыз су жүйесі жүргізілуі керек еді. Әлгі мердігерлердің қаржысы таусылды ма әлде құрылыс материалын үнемдейін деді ме, ол жағын білмеймін. Тура бір шақырымға құбыр төсеп болды да, 100 метрге назар аудармай, құрал-сайманын жинастырып кетіп қалды. Соның салдарынан Октябрь көшесі №15 үйде тұратын бізге су жетпей қалып отыр. Бұған қалай күйінбессің? Тіпті, «Мына бір үйде Батыр ана тұрады екен, су тартып берейік» демеді ғой, шіркіндер. Ал, ауыл әкімі күніге уәде береді. Алайда, су тартып беретін мекемесі әлі келген жоқ. Оның мұнысы несі?..

Әсіл Тоқбергенова, Батыр ана.

Аспара ауылы, Меркі ауданы.