Спорт және туризм

"Ақ жолдың" тастаяқшысы таңғалтты

"Ақ жолдың" тастаяқшысы таңғалтты

28 маусым – баспасөз қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында «Қазақстан-Тараз» телеарнасы мен Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Империя» бильярд клубында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында белгілі жазушы, журналист Мұса Рахманбердиев атындағы дәстүрлі турнир болып өтті. Төрешілер алқасының шешіміне сәйкес бұл жарыста «24 кz» телеарнасының облысымыздағы тілшісі Руслан Әбдуалиевке екінші, «Қазақстан-Тараз» телернасының қызметкері Берік Жакулаевқа үшінші орын жүлделері берілді. Облыстық телевизияның шаруашылық бөлімінің басшысы Дүйсен Мұқанов, Көкшетаудан келген ақын Темірбай Алмас, «Жамбыл- спорт» газетінің қызметкері Данияр Жаманбаев арнайы, «Хабар» агенттігі облыстық бөлімшесінің жүргізушісі Ернар Байділдаев «Жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін» дипломдарымен марапатталып, заттай сыйлықтарға ие болды. Ал, бірінші орынды қаламы қарымды журналист, «Ақ жол» газеті Руханият бөлімінің меңгерушісі Баймаханбет Ахмет иеленіп, лайықты жүлдесін алды. Журналистикада ғана емес, спортта да өзінің жақсы қырынан таныла білген әріптесімізді осынау жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ақжолдықтар».