Спорт және туризм

Алжир Ресей құрамасының алдын орап, финалдық бәсекелерге өттi

Алжир Ресей құрамасының алдын орап, финалдық бәсекелерге өттi

Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатында Ресей құрамасы Алжирмен тең ойнап, плей-офф сынына өте алмады.

Айта кетейiк, бұл матчтың алдында Ресейде 1 ұпай, Алжирде 3 ұпай болған. Егер ресейлiктер Алжир құрамасынан басым түскен жағдайда топта екiншi орынмен плей-оффқа өте алар едi. Дегенмен ойындағы есеп 1:1 болды.

Алғашқы голды ресейлiктердiң шабуылшысы Кокорин ойынның 6-шы минутында салды. Дегенмен 60-шы минутта алжирлiктер есептi теңестiре алды. Гол авторы - Ислам Слимани.

Н тобында сонымен қатар Бельгия құрамасы 9 ұпаймен 1/8 финалға шығып отыр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz