Былтыр елімізде ет, сүт пен жұмыртқа өндірісі айтарлықтай өсті - АШМ
Былтыр елімізде ет, сүт пен жұмыртқа өндірісі айтарлықтай өсті - АШМ
Қазақстанның агроқұрылымдарында 2013 жылы ет, сүт, жұмыртқа өндірісі айтарлықтай өсімге ие болды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың жетекшілігімен өткен алқа отырысында Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Ахметов мәлім етті.
Департамент басшысының айтуынша, 2013 жылы елімізде ет өндірісі 871 мың тоннаға жеткен. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 пайызға жоғары. «Сонымен қатар, сүт өндірісі 1,6 пайызға артып отыр. Ал агроқұрылымдардағы өнім өндірісі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді, мәселен, оларда ет өндірісі 13 пайызға, сүт 12 пайыз, жұмыртқа 10 пайызға жетіп отыр», - дейді Е.Ахметов. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес, мал шаруашылығы өндірісінің негізгі түрлерінде өсім байқалуда. Атап айтқанда, жалпы ет өндірісіндегі өңделген өнім үлесі 30 пайызға жетсе, сүттің өңделген үлесі 41 пайызды құраған. Бұл ретте ет пен сүттің өңделген өнімдері бойынша жоғары үлесі Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі болып отыр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz