Спорт және туризм

Месси мундиальда үздiк сұрмергендер көшiн бастады

Месси мундиальда үздiк сұрмергендер көшiн бастады

Әлем чемпионатында жолдары түйiскен Аргентина мен Нигерия матчында дубль авторы атанған дүниежүзiнiң 4 дүркiн үздiк футболшысы Лионель Месси мундиальдағы үздiк сұрмергендердiң көшiн бастаушылардың бiрi атанды.

Мундиальда 4 гол салған Месси бразилиялық Неймарды қуып жеттi.

Ал эквадорлық Эннер Валенсия, нидерландылықтар Робин ван Перси мен Арьен Роббен, француз шабуылшысы Карим Бензема, немiс Томас Мюллер, колумбиялық Джеймс Родригес 3 голмен екiншi орында келе жатыр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz