Жамбылдық оқушылардан жүлде артылатын емес
Жамбылдық оқушылардан жүлде артылатын емес
Атырау және Қостанай қалаларында өткен екі бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да жамбылдық оқушылар топ жарып, жүлдемен оралды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қостанай қаласында өткен білім додасының ерекшелігі сол, теориялық және тәжірибелік кезеңде оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіріп, теориялық білімін тереңдетіп, тәжірибелік іскерліктерін шыңдауға мүмкіндік берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндерінен зияткерлік сайыста жамбылдық оқушылар 3 алтын, 6 күміс және 14 қола медальды жеңіп алды. Ал облысымыздағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2018» номинациясын қатарынан 10-рет иеленіп, озық білім ошағы екенін тағы дәлелдеді. Атырау қаласында өткен білім бәсекесінде де жамбылдық жас дарындар 5 алтын, 7 күміс, 15 қоланы қанжығалап, үздік командалар қатарынан көрінген болатын. Сөйтіп біздің оқушылар жеті мәрте республикада көш бастады.
Толқын НАРТАЕВА, облыс әкімдігі білім басқармасының бас маманы