Президентті ғаламтор арқылы сатпақшы болған
Президентті ғаламтор арқылы сатпақшы болған
ОАР президенті Джейкоб Зума Gumtree сайтында сату-сатып алу санатындағы хабарландырулар арасында лот ретінде қойылған, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. Онлайн-ресурсқа орналастырылған хабарландырудың авторы «Дереу басқа президент керек. Қазіргісі тым қымбатқа түсіп отыр», – деп жазған Average Joe Зуманың суретінің жанына. Мәтінде сондай-ақ лот тек қана сату немесе айырбастау үшін қолжетімді екендігі жазылған, деп хабарлады Lenta.ru. «Сатамын немесе арзанырақ, ақылдырақ моделіне алмастырамын», – деп өткен автор. Президентті сату туралы хабарландыру кейіннен алынып тасталды. Алайда ресурсты пайдаланушылар скриншотты әлеуметтік желілерге таратып үлгерді.