Басты жаңалық

Соғыстан қалған бомба жарылды

The final spritzer

Соғыстан қалған бомба жарылды

Ресейдегі Орлов облысының тұрғыны бомба жарылысынан зардап шекті.

Облыстық ІІМ басқармасының хабарлауынша, жарылыс дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған. Зардап шеккен жұмысшы жергілікті зауыт аумағынан табылған цилиндр тәрізді белгісіз металдан зілбалға жасамаққа әрекеттенген. Жарылыс салдарынан Новосиль ауданы орталығының тұрғыны ауруханаға түсті. Сарапшылардың айтуларынша, табылған зат Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған авиациялық бомба.